Өлең, жыр, ақындар

Күйініш

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 312
Мына жанның iшi неткен қараңғы!
Безiндiрiп жiберетiн адамды,
безiндiрiп жiберетiн заманды,
сыздататын жаныңдағы жараңды
мына жанның iшi неткен қараңғы!
Көрiп едiм құпия бiр ғаламдай,
көрiп едiм құпия бiр қамалдай...
Жарығы жоқ, жалыны жоқ iшi оның
қараңғы екен үңiрейген арандай.
Жан сияқты жанталасқан жан бағып,
жол iздедiм қараңғы iшiн қарманып...
Қайтейiн мен келмедi ғой қолымнан
қояйыншы деп ем оған шам жағып.
Жаным менiң шыдамады, төзбедi:
мына адамнан кет, кет! – дедi – без! – дедi...
Түктi қара өрмекшiлер сияқты
қаптап өрiп бара жатты сөздерi...
Сырты сұлу қоятындай көрмеге,
iшi бiрақ тұнған бықсық әрнеге.
Қап-қараңғы түкпiрiнен жанының
үрейдi алып ысылдайды әлдене...
Деп жүрмешi жан екенсiң жаңғалақ.
Сенбесең сен iшiне оның ал қарап:
тiлегiне оратылып жыландар,
жүрегiне жабысып тұр жарқанат.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арлы адамның бәрi қазiр жаралы

  • 0
  • 0

Арлы адамның бәрi қазiр жаралы –
Қорықпаған қара деуге қараны,
Қорықпаған жала деуге жаланы
арлы адамның бәрi қазiр жаралы.

Толық

Өтірік айтылған күні

  • 0
  • 0

Мына өтiрiктен –
Қазақстан қалаларының
Бүкiл көшелерiндегi
Бағдаршамдардың

Толық

Ай, дүние-ай

  • 0
  • 0

Ай, дүние-ай!
Кейде
Ақ көбiк қарға аунаған
Алтайы түлкiдей

Толық

Қарап көріңіз