Өлең, жыр, ақындар

Экологиялық апат

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1215
Жасыл емес, күлгiнбiз!
Ертеңдi ойлап зарықты үн.
Арасында жүрмiз бiз
қатер менен қауiптiң.
Өттей жаңбыр сiркiрер
зәресiн ап тастың да.
Жарылыстар сiлкiнер
қара жердiң астында!
Қалай жүрем елемей,
жан-жүрегiм қапалы!..
Уға малған жебедей
күннiң қызыл шапағы!
Сұмдық жатса жерiмде
қалай қалам көрiнбей.
Аңқып соққан желiң де
аждаhаның демiндей.
Жарылғанда гүрс етiп
жарылыстар өлкемде –
қадалады кiрш етiп
жарықшағы Ертеңге.
Содан, содан, қара, бар! –
кеуiп жаздың құрағы,
аяқ, қолсыз балалар
мүгедек боп туады.
Не бiр сұмдық елестеп
жүрем мұңға батып-ақ!
...Тұншығады нәресте
құрсағында жатып-ақ.
Сұмдық сезiп қаладан,
сұмдық сезiп даладан
бал жүзiнен әр тайып,
туып жатыр балалар
шашы аппақ боп қартайып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарлығаш құс

  • 0
  • 0

Қарлығашым-ау,
Құстардың iшiндегi
Құйтақандай
Қанатты қарындасым-ау.

Толық

Бір төбет туралы жыр

  • 0
  • 0

Төбет едi ол ол арынды –
жотадай боп тұратын, –
арғы тегi,
кәдiмгi,

Толық

Мені іздеу

  • 0
  • 0

Ондаған жылдар өтіп
Мені іздеген біреулер
Таба алмады.
Таба алмастан

Толық

Қарап көріңіз