Өлең, жыр, ақындар

Өлді жігіт асылып

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 369
Еске түссе кетемiн ғой ашынып,
Еске түссе қаламын ғой шашылып, –
айдың күннiң аманында осынау
өлдi жiгiт,
өлдi жiгiт асылып.
Өлең сөздiң үзiлдi де ұйқасы,
быт-шыт болып ойдың шықты қиқасы.
Дiр-дiр етiп тау мен тастың денесi,
шымырлады қара жердiң құйқасы.
Жоқтау сөздiң қара түндi тiлдi үнi,
сол бiр үннен кептi тажал ындыны.
Өлдi жiгiт,
өлдi жiгiт асылып
ашылмаған он екiде бiр гүлi.
Кеткен-сынды болды сонда ел семiп,
Кеткен-сынды болды сонда жер семiп.
Құшақтасып бiр-бiрiмен
қайғыдан
тұрды ағаштар күнi бойы теңселiп,
тұрды ағаштар түнi бойы теңселiп.
Бiр найзағай тiлiп түсiп денемдi,
бiр от келiп өртедi ғой өлеңдi.
Түн iшiнен дауыс шықты күңренiп:
өлдi неге,
өлдi неге,
неге өлдi?
Өлдi жiгiт –
қайырылмастан елiне,
өлдi жiгiт –
қайырылмастан жерiне!
... Бiздер жүрген мына тiрлiк, бұл өмiр
қайырымсыз қатал ма едi әлi де!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арманды өкініш жыры

  • 0
  • 0

Жаңа сойылған еттей боп
Қып-қызыл күннiң
Батқанын көргенде;
Көктегi жұлдыздардың

Толық

Бір төбет туралы жыр

  • 0
  • 0

Төбет едi ол ол арынды –
жотадай боп тұратын, –
арғы тегi,
кәдiмгi,

Толық

Түссе-дағы қандай қаяу жүзiме

  • 0
  • 0

Түссе-дағы қандай қаяу жүзiме,
адамдардың ең соңынан көз iлем.
Мен өйткенi әрқашан да өзiмдi,
уақыттың үнiмiн деп сезiнем.

Толық

Қарап көріңіз