Өлең, жыр, ақындар

Сауда

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 515
Өңiм түгiл,
түсiмде.
Қан жыладым,
зарладым.
Қалған-сынды
iшiнде
бар дүние сауданың.
Саудада әзiр сөзiм де,
шыдам,
сабыр,
төзiм де!
Атылас пен бөзiм де!
Ақыл, парық,
сөзiм де! –
Бәрi сауда, көз iлме!
Ақшалыны қаумалап,
ұмытқан жұрт бауырды.
Бiреу келiп
саудалап
сатып алды дауымды.
Шыдай алмай шерiме
Жан-жүрегiм жыртылған.
Саудаға сап,
менi де
сатып жатыр сыртымнан.
Құжынаған жүр адам
алаң,
көше,
аулада –
салды сонсоң бiр адам
туған жерiн саудаға!
Жоқ нәрсенi даулаған
бұл дүние талмай тұр.
Мынау сұмдық саудадан
зәре-құтым қалмай тұр!
Адамдардың құлқыны
айналған сұм қамбаға, –
түсетiндей бiр күнi
азаттығым саудаға!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұң

  • 0
  • 0

Дүние жалғанның
Қаны қарайды.
(Қысылғаным-ай).
Күмән мен күдiктiң

Толық

Бас туралы жыр

  • 0
  • 0

Аспан астындағы
Бүкiл мына тiршiлiктiң
Бұл ендi
Барып тұрған соры болды:

Толық

Абылай хан

  • 0
  • 0

Уа, Абылай, хан ием!
Асқар таудай алып ең,
қазағым деп жанып ең,
қазағым деп налып ең;

Толық

Қарап көріңіз