Өлең, жыр, ақындар

Аяр әйел

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 305
Жүредi ол жұртты ылаң қып,
тайсалар одан iбiлiс.
Не деген түлкi бұлаңдық?!
Не деген сылқым құбылыс??
Бүлкiлдеп көмей күлгенде –
көрген жан ысып қайнаған –
қып-қызыл отқа кiрген де,
қып-қызыл шоқты шайнаған.
Не деген тәйтiк құйтырлық?! –
Не деген ерке бұлаңдық?! –
Сөзiнде аяр сиқырлық,
көзiнде нәпсi құмарлық!
Берiгiң түсер тұзаққа,
есiртiп кетер мұңдыны.
Қомағай сойқан құшаққа
тұр кеуiп оның ындыны.
Шайнайды кейде мұз қарпып,
қызғаныш өртеп өзегiн.
Сонан соң ессiз құштарлық
Күйдiрер шоқ боп төсегiн.
Иленер болат темiрiң
Шыдамас оған қараған, –
әзәзiл сүйiп көңiлiн,
жүрегiн шайтан жалаған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асфальт үстіндегі сурет

  • 0
  • 0

Бала отыр, қараңдар,
сурет салып ақ бормен.
Көрсiн дей ме адамдар:
Күн мен Өзiн, Анасын

Толық

Адамның ішкі әлемі

  • 0
  • 0

Қопарып,
iздеп, бұрғылап,
ашам деп әлi келемiн —
джунгли,

Толық

Шабыт үстіндегі ақын

  • 0
  • 0

Мына ақынның
Желдi күнгi өрттей
Бұрқырауын-ай.
Елiн ойлап

Толық

Қарап көріңіз