Өлең, жыр, ақындар

Билікке таласу

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 476
Кiл жақсылар билiкке таласуда.
Таласуда, апыр-ай,
адасуда.
Дауыл тұрып жер мен көк арасында
бүлiк келдi үйлесiм,
жарасымға.
Түбi шiрiп бiткендей тiрегiнiң
түрi қашып кетiптi реңiнiң, –
бiреуiнiң қолында бiр уыс шаш,
жағасы жүр қолында бiреуiнiң.
Жан емес ем, –
отырған жан сауғалап,
жүре алмастан қалдым ғой арсалаңдап.
Таласуда,
билiкке таласуда
езуiнен көбiк пен қан сорғалап.
Мұз үстiнде қалғандай дiрiлдедiм.
Үңгiр болды –
үмiт деп үңiлгенiм.
Күлге айналды –
қабаржып қамыққаным,
түнге айналды –
түнерiп түңiлгенiм.
Қалай мұның шыдаймын суығына,
Қатер ғой бұл болашақ буыныма.
Бәтуаның бүк түсiп белi сынып,
Ынтымақтың құрт түстi жұлынына.
Бiрдей болды ақылдың,
пақырың да,
бiрдей болды даңғойың,
ақының да.
Бөрi тиген секiлдi түн iшiнде
ел дүрлiгiп кеттi ғой ақырында.
Әлдекiмнiң үндерi шықты ызалы
(Оны бiрақ ешкiм де ұқпас әлi).
Ошағынан от қашып ортадағы,
төңкерiлiп қалды ғой құт қазаны.
Бiрақ оған жақсылар қарасын ба, –
қиқу етiп даласын,
қаласын да
бiрiн-бiрi қылқынтып,
отқа салып,
таласуда, апыр-ай,
таласуда.
Жақсылар адасуда!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Абылай хан

  • 0
  • 0

Уа, Абылай, хан ием!
Асқар таудай алып ең,
қазағым деп жанып ең,
қазағым деп налып ең;

Толық

Кісәпірдің сөзі

  • 0
  • 0

Құлқыны —
Қырық құлаш шыңырау,
Араны —
Алпыс кез апан

Толық

Машина бауырындағы ұя

  • 0
  • 0

Көктем. Көктем.
Жалт-жұлт еткен нұр қандай?!
Нұрды бiреу шашып алып тұрғандай...
...Ұя сапты қалған ашық гаражда

Толық

Қарап көріңіз