Өлең, жыр, ақындар

Ит жылына тілек

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 367
Ит жылым, мiне,
қош келдiң!
Береке,
байлық,
ырысым! –
Жетi бiрдей қастерлi
қазынамның бiрiсiң!
Беретiн бiзге құт құрап –
тiрлiктен менiң ұққаным –
ит жылы деген –
Саққұлақ,
Майтабан, әрi Сырттаным.
Соқса да дауыл,
борасын
көзiнде тұрар жанып шоқ, –
күзеткен қойма,
қорасын,
ит жылы деген –
Алыпсоқ.
Егетiн тектi рухты
ит жылым –
әнiм, сазым ғой...
Алатын қоян-үмiттi
ит жылым –
Құмай тазым ғой.
Қаншама қайғы
сорды ұққан
өкiнем, кейде өкiнем.
Ит жылым менiң, сондықтан
өтiнем, сенен өтiнем:
деместен –
ендi қайтейiн! –
ап барар сұмдық бүлiкке
жол бере көрме, әйтеуiр,
Ұры иттер менен Сұқ итке!
Азуын салар жоныма –
шығарар iшке бүккенiн, –
болмасын деймiн тағы да
айтаққа ерген иттерiң.
Жүрмесiн десең табалап,
елiмдi итке талатпа!
Өз итiм үрiп абалап
Жармаспасын балаққа.
Тұтасқан қазақ ордасын
шығады әлi бөлгендер.
Болмасын деймiн,
болмасын
шабаланған қандендер!
Қаншама қайғы, сорды ұққан
өкiнем,
кейде өкiнем,
Ит жылым менiң,
сондықтан
өтiнем,
сенен өтiнем:
Бүлдiрмей тұтас,
бүтiндi,
қыңырларымды түзетшi, –
ырысым менен құтымды
тыныштығымды күзетшi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ешкім естімеді

  • 0
  • 0

Мен өлiп жатқалы
Қаншама заман өттi, –
Тоқсан тоғыз құйын,
Тоқсан тоғыз амал өттi.

Толық

Ендi қайтпекпiн?

  • 0
  • 0

Мен дәл қазiр
Кұлдық заманы көмген
Көрден шығып кеткен
Өлiкпiн!

Толық

Мешкейлер жарысы

  • 0
  • 0

Құлқындары
Қырық құлаш терең.
Арандары
Алпыс кез апандай

Толық

Қарап көріңіз