Өлең, жыр, ақындар

Ендi қайтпекпiн?

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 206
Мен дәл қазiр
Кұлдық заманы көмген
Көрден шығып кеткен
Өлiкпiн!
(Жұлым-жұлым қара аспан
Тас төбемнен
Төнiп тұр).
Жер асты — апыр-ай! —
Қалжыратты.
Жалба-жұлба боп iлiнiп тұрған
Етiм сүйегiмнен
Ажырапты.
Менi мазақ қып
Санын шапаттаған,
Тiлi салақтаған
Жын жиылады.
Жыласам —
Көзiмнен құм кұйылады.
Сордың суымен жуынып,
Дерттi бұлтпен сүртiнсем —
Әлдене жер сияқты
Қақырап сөгiледi.
Сiлкiнсем —
Үстiмнен! —
Бұрқырап
Топырақ төгiледi.
Көрейiн десем
Дүние маған
Ту сыртын берiп
Сырт кеп қонған;
Сөйлейiн десем —
Тiлiмдi! —
Құрт жеп қойған...
Ендi қайтпекпiн?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Голощекиннің Алатау батырға жасаған қастандығы

  • 0
  • 0

Алатау батыр басына
Дәрмені құрып,
Кенезесі кеуіп
Шөлдеп келгендер

Толық

Iшiм менiң алай-дүлей борасын!

  • 0
  • 0

Iшiм менiң алай-дүлей борасын!
Ағызатын көздiң жасын, сорасын
соғып тұрған қалтыратып жанымды
iшiм менiң алай-дүлей борасын!

Толық

Астапыралла!

  • 0
  • 0

Қазанның күйесіндей
Қап-қара түн.
Бір кезде
Бүйірімнен біреу

Толық

Қарап көріңіз