Өлең, жыр, ақындар

Бояулар құпиясы

  • 10.06.2022
  • 0
  • 0
  • 397
Даңқы әлем шарлаған
Құндылық боп, қымбат боп, –
Ойды, көздi арбаған
Тұр мұнара жұмақ боп.
Ғасырларда жаңғырып
Жатқан түбi әрiде –
Құпия ғой мәңгiлiк
Алыптардың бәрi де!
Иманымның қорғаны
Қарап оған тоярмын.
...Таба алмай жүр ондағы
Құпиясын бояудың.
Саналылар – ояулар
Қарайды оған құнығып.
Күн түссе оған
Бояулар
Кетедi ғой құбылып.
Жарқырайды оттай бiр
Сөздерi де Құранның.
...Құпиясын таппай жүр
Бояудағы құрамның.
Сөзiн айтпа өктемнiң,
Сөз дегенiң елес қой...
Ол бояулар
Шөптердiң
Нiлi ғана емес қой.
Аппақ менiң тiлегiм!
Жалғаны жоқ сөзiмнiң:
Құйған оған –
Бiлемiн! –
Бояуларын сезiмнiң.
Бағынбайтын,
Көнбейтiн
Жарлығына жалғанның –
Құйған оған –
Өлмейтiн! –
Бояуларын арманның.
Сiңiп қалған заманға
Бояуы бар жырдың да,
Бояулары бар онда
Қуаныштың, мұңның да!
Рухымдай қамал сол
Жаралғандай дастаннан, –
Көк бояуды
Сонан соң
Құйып алған Аспаннан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көл бетіндегі кешкі фантазия

  • 0
  • 0

Көл де тұнық, сөз тұнық,
Тұнық ой да, сана да...
Батар күнге көз тiгiп
Жас қыз отыр жағада.

Толық

Қайшылық

  • 0
  • 0

Көңiлсiзсiң.
мылқау қара тастайсың.
Түнерсiң,
қабағыңды ашпайсың.

Толық

Құйрықты жұлдыз

  • 0
  • 0

Ғаламат отты дастандай
құйрықты жұлдыз құйғыды,
шұбалып жатты аспанда
қып-қызыл ұзын құйрығы.

Толық

Қарап көріңіз