Өлең, жыр, ақындар

Бозторғай

  • 10.06.2022
  • 0
  • 0
  • 290
Тұла бой, жүйке, тамыр шымырлап тұр,
Құлағым, сана, миым шыңылдап тұр, –
Шошынған жұдырықтай жүрек құсап
Бозторғай дала үстiнде шырылдап тұр!
Қалайша төзе алады шыдам бұған.
Жаныммен қара бәле – лаңды ұғам.
Бозторғай шырылдап тұр –
Ұясына! –
Жақындап келiп қалған шұбар жылан.
Тоймайды шұбар жылан құныққасын!
Жұтпақ ол қанатты құс жұмыртқасын...
Бозторғай шырылдап тұр шыбын жандай
Ғұмырлас.
Тағдырласым,
Рухтасым!
Сол кезде жалған тiрлiк озғандай боп,
Кетедi жан бүлiнiп,
Тозғандай боп...
Дәл сондай қатер күткен,
Қауiп күткен
Тiлiм де шырылдайды бозторғай боп.
Сол сәттен жүйке, тамыр шымырлаған.
Сол сәттен сана, ми да шыңылдаған, –
Дүние естiр ме екен
Тiлiнiң бұл
Дауысын бозторғай боп шырылдаған?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Махаббат және қос тораңғы туралы жыр

  • 0
  • 0

Кететұғын адам жанын жаралап
аңыз ғой бұл елдi жүрген аралап...
Баяғыда, ерте кезде
екi жас

Толық

Тартылыс заңы

  • 0
  • 0

Тартады менi, тартады
таулар да,
баулар,
жолдар да.

Толық

Музыкалық көне аспап

  • 0
  • 0

Сонау бiр қиыр, жырақтың
жарқ етiп сөнiп жарығы, –
әлi күн онда жылап тұр
он жетiншi ғасырдың

Толық

Қарап көріңіз