Өлең, жыр, ақындар

Тартылыс заңы

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 237
Тартады менi, тартады
таулар да,
баулар,
жолдар да.
Тартады менi, тартады
өзендер
көлдер,
жондар да.
Салып бiр қысып тезiне
тартады түндер,
күндер де,
Тартады келiп өзiне
еңкейтiп менi гүлдер де.
Биiктi биiк өлең қып
алғандар менi тартады,
тартады менi тереңдiк,
ормандар менi тартады.
Асып мен қанша белеңнен
күн-түнi тынбай алқынып,
осынау бүкiл денеммен
бәрiне жатам тартылып.
Бойымнан оттар шашырап
тартылам төске балға боп.
Қалғыған жанның басына
үзiлiп түсем алма боп.
Сұлудың шыңырау көзiне
тартылып кейде қалам мен...
Тартылам,
сонсоң өзiме
бәрiн де тартып алам мен:
үндерiн желдiң,
орманның;
қуатын, күшiн токтардың;
ыстығын ыстық қолдардың;
зуылын зұлым оқтардың.
Әлемнiң күйiн,
әнiн де,
қайғысын,
мұңын,
тiлегiн...–
тартады бәрiн, бәрiн де
магниттi алқап – жүрегiм!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қаладағы қалың тұман

  • 0
  • 0

Қалың тұман –
осы ма едi күз деген.
Мұндай күндi таба алмайды iздеген.
Қалың тұман.

Толық

Қайда тығылам?

  • 0
  • 0

Жерден көтеріліп
Ұшайын деп ем
Бір пәлелер
Қанатымнан басып

Толық

Дауылды күнгі теңіз

  • 0
  • 0

Аспандағы
Ай, Күндi өшiрердей,
Жердi көшiрердей
Алапат дауыл соқты.

Толық

Қарап көріңіз