Өлең, жыр, ақындар

Қара нөсер

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 313
Көктем-ай!
Қара нөсердiң төккенi-ай!
Бүкiл бұлттарды
Осы жерге
Жиып жатқандай.
Төбемiзден суды –
Жаңбырмен емес –
Күбi, шелекпен
Құйып жатқандай.
Аспанның түбi
Тесiлiп кеткендей
Күрпiлдеп пiсiлiп жатқан
Сабалардың аузы
Шешiлiп кеткендей.
Қара нөсер –
Сел жүргендей! –
Таудың өзiне
Ауыз сап тұр.
Сарқыраған сулар –
Шөккен түйелердей
Жоталарды –
Қорқыратып! –
Бауыздап тұр.
...Сонау бiр қайыңның
Тұла бойынан
Су шүмектеп
Сорғалап тұр –
Қара нөсерде –
Баласын күткен анадай –
Жол қарап тұр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өкініш пойызы

  • 0
  • 0

Мені кейде
Сұм Өкініш пойызы
Өткен күнге — мезгілдің
Перронынан

Толық

Сынақ полигоны

  • 0
  • 0

Астан-кестен болып iшкi әлемiм,
отыр едiм ойлап тiрлiк өлеңiн
көктен бе әлде,
жерден бе әлде –

Толық

Зоопарктегі өлім алдындағы қасқыр

  • 0
  • 0

Арлан қасқырдың
Көз алдында
Жалған дүние –
Баяғыдай! –

Толық

Қарап көріңіз