Өлең, жыр, ақындар

Зоопарктегі өлім алдындағы қасқыр

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 265
Арлан қасқырдың
Көз алдында
Жалған дүние –
Баяғыдай! –
Құбылып жатты;
Ал тұла бойынан
Бөрiлiк қуат қайтып,
Болат сымдардай түгi
Шiрiген шөптей боп
Жығылып қапты.
Өлiп барады!
Құдай-ау,
Қасқыр деген
Мұндай өлiмге
Көнбейтiн едi ғой...
Қасқыр деген –
Қақпанға түссе де!–
Арпалыспай
Өлмейтiн едi ғой.
Қасқыр
Өз өлiмiнен өлсе
Көзге көрiнбей
Құриды дейтiнi қайда?!
Алыспай өлгенiне намыстанып
Айға қарап
Ұлиды дейтiнi қайда?!
Ендi, мiне,
Соңғы рет
Мына дүниеге
Азуын ақситып,
Көзi қанталап
Жерiп қарады.
Қайран,
Көк бөрiнiң ұрпағы
Темiр тордың iшiнде –
Ұлуға да жарамай! –
Өлiп барады...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аялдамадағы сауал

  • 0
  • 0

Бiр жас әйел –
тiлiп түсер санаңды –
айтып тұрды төтенше бiр хабарды:
– бiр мәшине жаңа ғана,

Толық

Еңбек

  • 0
  • 0

Бiледi, бiледi оны терлеп көрген,
терлесең кетер онда кернеп кеудең.
Адаммен бiрге туып басталады ол
талпыну,

Толық

Қатал сұрақтар

  • 0
  • 0

Көре-көре, апыр-ай, талды ойым да
Мұңы бар ғой өткеннiң өн бойымда...
Мекен етiп жатыр ғой төбелердi
Зираттар мен қорымдар жол бойында.

Толық

Қарап көріңіз