Өлең, жыр, ақындар

Төзім

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 469
Уақыт-ай,
Менен қаншама рет! –
Сырт айналып бездiң.
Темiр екенмiн!
Төздiм.
Дүниенi жапырып
Дауыл соққан заманға да –
Құздай қымтанып
Төздiм.
Қабағынан қар жауып,
Кiрпiгiне
Мұз қатқан заманға да –
Мұздай құрсанып
Төздiм.
Арыстарым
Малша тоғытылып
Қамалған заманға да –
Төздiм.
Сәбидiң шашы,
Кәрiнiң көзi
Ағарған заманға да –
Төздiм.
Ақырып сөйлеген,
Бақырып қайырған
Ақи көз заманға да –
Төздiм.
Төбемдi ойып,
Желкемдi қиған
Қатыгез заманға да
Төздiм.
Төзiп жүрiп
Теңдiкке жеттiм.
Төзiп жүрiп
Елдiкке жеттiм.
Шiркiн-ай,
Бұдан былай –
Зарлай бермей! –
Шердi қойсам ғой.
Алатаудың бiр шыңын
Даламның ортасына апарып –
Төзiмiме! –
Белгi қойсам ғой.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұт

  • 0
  • 0

Аузы бiтiп қантөгiстi жараның
ендi-ендi ес жиғанда алабым
ашқарақ көз, жезтырнақты жұт келiп
ашқан екен кең далама аранын.

Толық

Антенна

  • 0
  • 0

Өз бойынан өткiзген тасқын, ағын
экранның алдында қаншама рет,
Қаншама рет күлдiм мен, жас бұладым, –
селтиiп тұрғанда сен бұрышымда

Толық

Бұған ендi не дерсiң?

  • 0
  • 0

Қонақ көрсем
Түңлiктей
Желпiлдеп тұратын халық ем.
Туыс көрсем

Толық

Қарап көріңіз