Өлең, жыр, ақындар

Соншалықты не жаздым?

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 479
Ешкiмнiң
Әруағын аттаған жоқ едiм.
Ешкiмдi –
Атасына тiл тигiзiп! –
Даттаған жоқ едiм.
Сонда да
Тыныш жатқызбады,
Таңымды тыныш атқызбады.
Өзiм түгiл –
Тұрып кетер деп қорықты ма –
Молама дейiн бақты.
Майлы күйедей
Жаласын жақты.
Сүртiнсем –
Одан сайын былғандым.
Құтылатын
Айла таба алмай
Аласұрып жындандым.
Еңсемдi көтерсем,
Өсегi жыландай ирелеңдеп
Жеңiмнен кiрiп,
Қойнымнан шықты.
Қойнымнан кiрiп,
Қонышымнан шықты.
Мойныма оратылып
Буындырды.
Жүрегiмнiң
Дәл басынан шағып
Уын құйды.
Соншалықты не жаздым?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алаң көңіл

  • 0
  • 0

Заманның лебі
Суып барады.
Құдай-ау,
Қашан ол

Толық

Ұмытқан жоқсың ба?

  • 0
  • 0

Ұмытқан жоқсың ба?
Алдыңа гүл бiткендi –
Шам құсатып! –
Жағып қоятын едiм ғой.

Толық

Өсекшіге

  • 0
  • 0

Бәрiн де естисiң.
Бәрiн де көресiң.
Естiп, көрмесең –
Өлесiң.

Толық

Қарап көріңіз