Өлең, жыр, ақындар

Әріптері де қару-жарақтай

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 332
Көк түрiктер жазбалары,
Көк түрiктер әрiптерi –
Қандай айбатты едi,
Қандай қайратты едi.
Жер үстiнде жоқ
Iрiлiк неткен!
Жазуларын –
Қара тастарға
Сiңiрiп кеткен.
Бiр әрiптерi
Шашақты найзадай үшкiр.
Бiр әрiптерi
Көбе сөгетiн –
Қозы жауырынды! –
Жебедей ұшқыр.
Бiреулерi
Еменнiң бұтағынан иiлген
Адырнадай керiлiп тұр.
Бiреулерi –
Тастың iшiнде! –
Тұлпардың тұяғындай
Тебiнiп тұр...
Бiреуi
Қалқанның шеңберiндей
Бiреуi
Тасты бүрiп тұрған! –
Бүркiттiң шеңгелiндей.
Бiреуi
Ту көтеретiн сырықтай.
Бiреуi
Асау ұстайтын құрықтай.
Бiреуi –
Неткен тәкәппар! –
шалқайып тұр.
Бiреуi –
Қиып түсемiн деп! –
Қылыштай қайқайып тұр.
Осының бәрi –
Бiз үшiн! –
Тәлiм, сабақтай:
Көк түрiктердiң –
Әрiптерi де! –
Елiн қорғайтын
Қару-жарақтай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қорықта

  • 0
  • 0

Әр әуезi дыбыстың
кетедi ғой желпiнтiп.
Неткен мұнда —
тыныштық.

Толық

Көрдім!

  • 0
  • 0

Әлi бодан кезiмде –
Менiң жерiме –
Ғылыми-техникалық революция
Басып кiрдi.

Толық

Билікқұмар

  • 0
  • 0

Ұлы дала,
сахара төсiндегi,
көш бастаған керуен-көшiмдегi,
үлкен, үлкен Ақыл-ой,

Толық

Қарап көріңіз