Өлең, жыр, ақындар

Жағымпаз

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 526
Сөзбенен! –
Айдың сәулесiнен
Ақ шатыр тiгiп бередi.
Өзендердi бұрып әкеп –
Аяғыңды жуып бередi.
Тағы да сөзбенен! –
Таққа отырғызып,
Баққа кiргiзедi.
Тауларды түйедей жетектеп әкеп
Үстiне мiнгiзедi.
Тiлiмен
Ерiтiп, балқытып қояды.
Аспандағы ақ бұлттардың
Iшiне кiргiзiп –
Жерге аяғыңды тигiзбей! –
Қалқытып қояды.
Ол айтса –
Үстiңнен шыбын ұшпайды.
(Осыған жының ұстайды.)
Бүксең бүгiлiп,
Исең иiлiп тұрады.
Сындырсаң –
Сынып тұрады.
Тесiктерiңнiң бәрiнен кiрiп,
Тесiктерiңнiң бәрiнен
Шығып тұрады.
Айнала мүңкiп кетедi.
Осы адамнан
Жүрегiң лобылып,
Кiлкiп кетедi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмірбаяннан үзінді немесе шарасыздық туралы жыр

  • 0
  • 0

Сыр суының бойында,
Қаратаудың ойында
Медетбек деген шалдың
Дүниеге келген –

Толық

Күздегі құлазу

  • 0
  • 0

Өтіп кеткен секілді
Жалынды өрт күнім.
Жаным жаралы,
Дерттімін!

Толық

Өсек

  • 0
  • 0

Әне жерден жылт етiп,
мына жерден жылт етiп,
әне жерден бұрқ етiп,
мына жерден бұрқ етiп.

Толық

Қарап көріңіз