Өлең, жыр, ақындар

Күздегі құлазу

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 289
Өтіп кеткен секілді
Жалынды өрт күнім.
Жаным жаралы,
Дерттімін!
Түсінгің келсе егер
Сен мені аш та, кір!
Жүректің үстінде
Қап- қара тас жатыр.
Жүйкем жұқарып
Діңкем құрып тұр...
Бұл не пәле:
Жарық күндерім—
Қандай жалынсыз!—
Қараңғы түндерімдей;
Біреудің күлгені—
Қандай жағымсыз!—
Иттің үргеніндей.
Шағала шаңқылын естісем
Әлдекім
Шашалып жатқандай.
Қарғаның қарқылын естісем
Әлдекім
Қақалып жатқандай.
Еркіндікте де
Арман мен үмітім—
Тар қапасқа!—қамаулы сияқты.
Күздегі сарала табиғат
Дәл қазір мен үшін
Сары ауру сияқты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Саған

  • 0
  • 0

Жалғыз өзiң бар дертiме дауадай
аппақ нұрын құйып саған ауады ай.
Жеп-жеңiлсiң желпiп соққан самалдай,
жеп-жеңiлсiң тынысымдай, ауадай.

Толық

Тартыс

  • 0
  • 0

Көкiрекке босқа күдiк кiргiзбе! –
десем-дағы: әуен менен үндi iзде,
бiреу менi түнге қарай сүйрелеп,
бiреу менi ап шығады күндiзге.

Толық

Бейпіл

  • 0
  • 0

Тұтамды –
Ұзын құлаш қып,
Айтады жоқты рас қып.
Өн бойы оның былғаныш,

Толық

Қарап көріңіз