Өлең, жыр, ақындар

Талас

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 351
Елiме қорған болатындай
Арқар мүйiздi,
Атан жiлiктi азаматтарым
Таласып жатыр.
Ашық күнде –
Тұман iшiнде жүргендей
Адасып жатыр.
Бiрiн бiрi
Жағадан алуда.
Бiреулерi
Қараптан қарап жүрiп
Жалаға қалуда.
Бiреулерi бұғып,
Бiреулерi күпсiп жатыр.
Алып далам
Шоқ түскен киiздей боп –
Өтiрiк пен өсектен! –
Бықсып жатыр.
Не жетпей қалды?!
Билiк пен байлыққа
Кеңiрдектерiңнен келiп,
Кекiрелеп тойып
Бөгiп отырсыңдар.
Жұрт жемегендi жеп,
Жұрт ембегендi
Емiп отырсыңдар.
Одан да
Иiлгенде
Үзiлiп кетердей,
Бүгiлгенде
Басы жерге тиердей
Алақапшық көтерген
Аналарды ойласаңдар неттi.
Ызғардың өтiнде
Жалаңбас,
Жалаңаяқ жүрiп
Тесiк өкпе болған
Балаларды ойласаңдар неттi.
Есiмдерiң Айға жетiп
Күндей күркiреп
Дүрiлдеп тұр.
Еңсесiн
Ендi көтерген елiңнiң
Тiзесi
Дiрiлдеп тұр.
Дiлiң мен тiлiң
Тiлiм-тiлiм боп кеуiп
Кезерiп тұрған жоқ па?!
Аңласаңдар неттi.
Оң мен солыңда
Бiреулер безерiп,
Бiреулер қолдарын шошайтып
Кезенiп тұрған жоқ па?!
Байқасаңдар неттi.
Таласып жатырсыңдар, –
Адасып жатырсыңдар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Наза шеруі

  • 0
  • 0

Алла тағала құдіретімен,
Әулие-әмбиелер жебеуімен
Азат болғанына қарамай
Не тіліне ие бола алмай,

Толық

Нала

  • 0
  • 0

Жерi құт қайнатқан,
Ошағы құрт қайнатқан;
Iбiлiсiңдi iреп,
Албастыңды

Толық

Фантазия

  • 0
  • 0

Күн ыстық еді.
Алатауға барып
Бір арқа бұлтты
Алып кеп

Толық

Қарап көріңіз