Өлең, жыр, ақындар

Кешегi көсемдер және...

  • 23.06.2022
  • 0
  • 0
  • 335
Қақ төрiмiзде iлулi тұратын
Кешегi көсемдердiң портреттерiн
Сыпырып-сиырып ап
Қоқыстарға лақтырдық.
Қалғандарын отқа жақтырдық.
Құдайсыз мұрттысын
Мұртын сындырып жазалы еттiк.
Құдайсыз сақалдыларын
Сақалдарынан тартып
Мазақ еттiк.
Өзендерге көпiр болардай,
Арқаларынан арба өтердей
Тонналаған алып ескерткiштерiн
Трос салып құлаттық.
Сонымызбен –
Әкесi өлсе жыламайтын! –
Тiрi жүрген құдайсыз бiреулердi
Етектерiн жасқа толтырып
Еңкiлдетiп жылаттық.
Айдауларда,
Қуғын-сүргiндерде жүрген
Өзiмiздiң шалдар
Қайтып оралды.
Көмiлiп қалған сөздерiн
Айтып оралды.
Сөздерi –
Ұғымға кiрдi.
Өздерi –
Тасқа айналып
Тұғырға мiндi.
Соларға қарашы!
Бiреулерi –
Түйе қарап шыққандай! –
Аттардың үстiнде
Қоқиып-қоқиып отыр.
Қалғандары
Бiр-бiр тастың үстiнде –
Түзге шыққандай! –
Шоқиып-шоқиып отыр...
Ұят-ай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Наурыз келдi

  • 0
  • 0

Наурыз келдi!
Қара жер семiрiп
Бөгiп жатыр.
Төрт түлiк малым

Толық

Жер астындағы өзендер

  • 0
  • 0

Шөлдер қанша
ернi кеуiп кезерген,
Жерлер қанша
сұп-сұр болып безерген...

Толық

Қорқыныш

  • 0
  • 0

Өткiзбейтiн жал-құмға
Қалған-сынды тiрелiп, –
Отыр адам алдымда
Үндемейтiн түнерiп.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар