Өлең, жыр, ақындар

Тауға шыққанда

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 460
Тауға шығу арманым едi.
Тауға шықтым.
Таудың кереметiн –
Мейлi сен,
Мейлi сенбе!
Алғаш ұқтым.
Көкпеңбек өзендi
Әне бiр сарқырама
Ақ түбiтке айналдырып
Түтiп тұрғандай.
Әне бiр
Бұтақтары сойдиған
Кеуiп қалған қарағай
Киiм iлгiш сияқты
Келер қонақты
Күтiп тұрғандай.
Қ иналсам –
Ағаш бiткен
Қолдарын созып,
Қап-қара тастары
Жап-жалпақ жауырындарын
Тосып жатыр.
... Түу сонау тұста
Бiр бұлтты
Жартасқа тiреп қойып
Қып-қызыл найзағайлар
Жалба-жұлбасын шығарып
Осып жатыр.
Алып тауым-ау,
Мен ендi сенiң
Жыршым десең жыршыңмын,
Күйшiм десең күйшiңмiн!
Тап-таза ауаңа да,
Күш-қуат құйған
Дауаңа да сүйсiндiм!
Сүйсiнбей қайтейiн,
Мен қаншама биiктеп,
Жердегi тiршiлiк
Қаншама аласарды.
... Тау дегенiң де –
Қазақ сияқты жомарт екен! –
Қара нардай бiр шыңын
Алдыма тосып,
Бiр бұлтын – иығыма! –
Жаба салды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мереке Құлекенов

  • 0
  • 0

Бiлемiн, Хақ тағала сүйенiшiң!
Сонда да өртенедi, күйедi iшiң, –
Өйткенi Бөкен бидiң ұрпағысың,
Өйткенi Махамбеттiң жиенiсiң.

Толық

Түйсік жыры

  • 0
  • 0

Түн іші.
Көктегі Ай
Маған қарады.
Мен Айға қарадым.

Толық

Бiздер үшiн таусылған жоқ әлi күн

  • 0
  • 0

Бiздер үшiн таусылған жоқ әлi күн,
таусылмаса бiтпегенi жарығың.
Өмiр қысқа деп ойлайды –
кiм болсын –

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар