Өлең, жыр, ақындар

Күздегі алаң-көңіл

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 279
Сарыала жапырақтардың
Жыртып-жыртып лақтырған
Сарыала қағаздардай боп
Бұрқырап ұшуын-ай.
Әлдебiр
Мұң мен шерлердiң
Талма тұсымнан
Қысқаштай тiстеп
Жiбермей қысуын-ай.
Қалада жүрсем де
Далада қалғандай
Көңiлiм ырың-жырың.
Мына дүние
Қасқыр тартып кеткендей
Жырым-жырым.
Ту сыртымнан аңдып
Жымып жүгiрген
Тұла бойы жүн-жүн
Iбiлiс пен Дүлей жүргендей.
Әйтеуiр айналамда
Көздерi алақтаған
Қаптаған Үрей жүргендей.
Апыр-ау,
Ұйтқыған мына желдiң
Жағымнан
Тартып-тартып жiберiп
Ұрып қашатыны несi?
Алматымның үстiн
Қайта-қайта кеп
Жалба-жұлба
Бұлт басатыны несi?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Білсең айтшы...

  • 0
  • 0

Айнала тып-тыныш.
Әдеттегідей
Бірде күн шығып,
Бірде жауын жауып тұр...

Толық

Н. нүктесі

  • 0
  • 0

Дей алмаймын ой, сезiмге жарлы едiм,
әскери бiр құпиядай жасырын
жүрегiмнiң Н. нүктесi бар менiң.
Сол нүктеде –

Толық

Көне қорымда тартылған күй

  • 0
  • 0

Бойымда бұрын, сiрә, сезiлмеген
басқаша болдым сонда сезiмде мен –
тартылған көне мынау қорымдағы
құлақ сап домбыраға безiлдеген.

Толық

Қарап көріңіз