Өлең, жыр, ақындар

Түрмеге ұя салған қарлығаш

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 385
Құдай-ау,
Азат қарлығаштың
Түрмеге ұя салғаны несi?
Бостан еркiндiгiн
Қапасқа
Қия салғаны несi?
Әлде байғұс қарлығаш
Түрмедегiлердей
Шерлi ме екен?
Жоқ әлде оларға
Азаттықтың қадiрiн
Ұқтырғысы келдi ме екен?
Тiкенектi сымдардың арасынан
Жалт етiп
Ұшып кiрiп,
Жалт етiп
Ұшып кетедi.
(Сол кезде
Мына сұп-сұр
Суық дүние
Алабұртып ысып кетедi).
Сонда да, құдай-ау,
Азат қарлығаштың
Түрмеге ұя салғаны несi?
Бостан еркiндiгiн
Қапасқа қия салғаны несi?
Әлде
Байғұс қарлығаш
Мына өмiрден безiнiп
Қапа болды ма екен?
Жоқ әлде
Түрме сыртындағы
Азат тiршiлiк
Түрмеден де
Қатал болды ма екен?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әурешілік

  • 0
  • 0

Бетiн жұлар қарсы келсе беттеп кiм,
Мына заман заманы ма көкбеттiң?!
Салатұғын әуре менен сарсаңға
Өнбейтiн дау, өнбейтiн сөз көп боп тұр.

Толық

Күз де жеттi мимырт жаздың шырқын ап

  • 0
  • 0

Күз де жеттi мимырт жаздың шырқын ап,
бұлт шығарып,
жел көтерiп,
жұлқылап –

Толық

Қарапайым халық туралы

  • 0
  • 0

Алтынмен апталып,
Күміспен күптелген
Үкімет үйінің
Есігі жабылмайды:

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар