Өлең, жыр, ақындар

Лас уақыт

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 283
Мына Уақыттың,
Апыр-ай,
Ласын-ай!
Аждаһаның ауызындай
Үңiрейген
Апаны мен ұрасын-ай.
Қаптаған
Қарақұрт пен өрмекшiлер
Қап-қара торларын
Құрып алған.
Дүниенi
Қап-қара
Жүн-жүн аяқтарымен
Бүрiп алған.
Әне бiреулер
Өтiрiктi судай сапырып
Соғып жатыр.
Өтiрiктi соғып
Қара халықтың
Қып-қызыл қанын
Кенедей жабысып
Сорып жатыр.
Қарашы,
Адам бiткен
Бiр-бiрiн аңдып,
Бiр-бiрiн бағып тұр.
Сөйлеген сөздерiнен
Өттей жап-жасыл
Iрiң ағып тұр.
Бұл жылың
Бұл жыл еместей.
Бұл күнiң
Бұл күн еместей.
Жан-жүрегiңдi
Күл-қоқыстан тазарту
Мүмкiн еместей.
Айналаң түгел
Жалтақ-жалтақ еткен
Күйгелек үмiт пен
Күйреген арман.
Iшек-қарны шашылып,
Ақтарылып жатқан
Мына дүниеге
Қара құзғын қаптап,
Қара шыбын
Үймелеп алған.
Галстук таққан
Адамдарына дейiн
Бiр-бiрiмен
Боқтасып жатыр.
... Сағатының тiлiне дейiн –
Күресiнде қалғандай! –
Тот басып жатыр.
Лас Уақыт!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осылай кете берсек...

  • 0
  • 0

Осылай кете берсек —
Жіңішкеміз ұзіліп,
Жуанымыз қылдай болады;
Қызымыз күңдей,

Толық

Мұңға батамын

  • 0
  • 0

Неткен қатал ең, Адамдар?!
Өздерiңе деген
Көлдей көңiлiмдi
Судай суалтып

Толық

Жиырмасыншы ғасырым

  • 0
  • 0

Бiр ғаламат күшке ие боп жасырын
бұрқырадың,
қопарылдың,
тасыдың, –

Толық

Қарап көріңіз