Өлең, жыр, ақындар

Таңдағы бір толғаныс

  • 09.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2981
Көкжиектен көзге дайым шалынар
Шартарапта автомобиль шаңы бар.
«Жарқыраған айнадай жол аз» деуші
Әлі мүмкін арыз айтып шағынар.
Со да сөз бе!..
Терең сырды қозғасам,
Дайын жолмен заулап едік біз қашан?!
Құдіретті қозғалыстың демі ғой -
Өрлей берсін сонау биік құзға шаң!..
Демеспін мен:
«Бұл жақын да, ол қашық».
Егер маған иланбасаң, жолға шық:
Түгел жолдар түгесілген жерінен
Жаңа бетке жатыр күнде жалғасып.
... Қалды сонау Ғисар жақтан таң да атып,
Түнгі жиі жүлдыз ібатып, шам батып.
Елдің барлық түкпірінен Нүрекке
Шабыт, қуат келе жатыр шаңдатып.
Ақын ба сол көргенге тек мәз болған,
Ақын-ойдан қашан кейін көз қалған!..
Жаса, Отан, сағат сайын шаң беріп,
Дайын жолдан қиын жолға қозғалған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дүбірлі дүрмекте жазылған сөздер

  • 0
  • 0

Алғанда жау жағадан, бөpi етектен,
Қан, тepiн бүкіл қара, төре төккен.
Сұм тағдыр не салса да атам қазақ
Көрмеген күдер үзіп келешектен.

Толық

Химия хикаясы

  • 0
  • 0

Өр қиялды өңкей асыл,
Білімпаздар, оқыңдар!
Химияның хикаясын
Жазып жатыр ақындар!

Толық

Алтын күзде атбасар

  • 0
  • 0

Атбасар барсаң аулаққа
Тозаңы дайым толқындап.
Алаңда, күллі аумақта
Жатады жері солқылдап.

Толық

Қарап көріңіз