Өлең, жыр, ақындар

Жалғыздық туралы жыр

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 337
Дүние дегенің
Қақ-қақ бөлініп
Сөгілген сеңдей боп
Жарылып барады...
Апыр- ау,
Дүние түгілі,
Менің де айналам
Кепкен терідей
Тарылып барады...
Кейде күйінем,
Кейде опынам!
Е, жаратқан,
Өзің кеше гөр! –
Бала- шағамның
Ортасында да
Кей- кезде
Жалғызсырап отырам.
Опынбай қайтем! –
Бүгінгі досым
Күні ертең
Қас болады.
(Санам сарсылып,
Өзегім өртеніп,
Көзіме жас толады.)
Тілерім тек қана:
Арманым, өлмеші,
Үмітім, сөнбеші!
Е, Алла тағала,
Қапаста отырған
Тұтқынның
Жалғыздығын берсең де,
Тақта отырып
Ешкімге сенбейтін
Үргелек патшаның
Жалғыздығын бермеші!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалтай Мұхамеджан

  • 0
  • 0

Қазақтарға келмесе де түр-түсi,
қазақшаға ағып тұр ғой бұл кiсi...
Осы адамда, осы жанда жатыр ғой
ұлтымыздың ұланғайыр күлкiсi.

Толық

Екіжүзді

  • 0
  • 0

Басыңа бақ қонса
Көлеңке сияқты қалмастан
Ерiп жүредi.
Сен дегенде

Толық

Әурешілік

  • 0
  • 0

Ұмтылдым.
Жұлқындым.
Пайда таппадым.
Басқаша

Толық

Қарап көріңіз