Өлең, жыр, ақындар

... ай-ай, ... ай-ай

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 329
Әне біреудің
Үрмелі аспаптай
Өңешін созып дүңкілдеуін-ай,
Мына біреудің
Барабан құсап
Ұртын толтырып күмпілдеуін-ай;
Әне біреудің
Жарықшақ түскен
Қоңыраудай шіңкілдеуін-ай,
Мына біреудің
Мұрнының астымен
Торсаңдап күңкілдеуін-ай;
Әне біреудің
Тепсініп зіркілдеуін-ай,
Мына біреудің
Жүрекке тиетін
Май құсап кілкілдеуін-ай;
Әне біреудің
Семіздіктен жүре алмай
Іркілдеуін-ай,
Мына біреудің
Алқымы ісініп
Күрке тауықтай күркілдеуін-ай;
Әне біреудің
Құлдан бес бетер
Бүлкілдеуін-ай.
Мына біреудің
Жонынан таспа тілсең де
Басын көтеріп сілкінбеуін-ай.
... ай-ай-ай,
... ай-ай-ай...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақша

  • 0
  • 0

Ақша!
Ақша!
Ақшаң болса – алшаңда!
Ақша болмай ел түсiп тұр сарсаңға.

Толық

Күзгі жел және ағаштар

  • 0
  • 0

Күзгі қара жел
Үйіре ұйтқытып
Оңын да, солын да
Бұрқырап соғуда.

Толық

Бір машина бұлт

  • 0
  • 0

Түсімде кілең
Аталас досым
(Сүйілшіш бабадан тараймыз),
Парталас досым

Толық

Қарап көріңіз