Өлең, жыр, ақындар

Фариза Оңғарсынова

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 319
Фариза - ақын,
Сен ешуқта да
Жай сөйлей алмайсың.
Сен қашанда
Дауылды күнгі
Шөл дала құсап
Бұрқырап сөйлейсің.
Жай күннің өзінде
Жесір мен жетімің
Жау қолында кеткендей
Жан-жүрегіңмен
Шырқырап сөйлейсің.
Лап ете түсесің!
Жарқ ете түсесің!
Сынсаң да
Майысып сынбай,
Морт кетіп
Шатырлап сынасың,
Өз-өзіңнен қайнап
Астаң-кестең төгіліп
Сақылдап тұрасың.
Маужырап
Қалғып кеткен
Мына қоғамды
Бірде кеп шауып,
Бірде кеп найзалайсың.
Сен егер
Найзағай болсаң да
Қара жартасты
Қақ айырып жіберер
Найзағайсың!
Сондықтан да сен
Бықсық сөз,
Бұқпантай тірлікті
Ұға алмайсың.
Сондықтан да саған
Ер адамның өзі
Тұрмысқа шықпаса,
Ер адамға сен
Тұрмысқа шыға алмайсың.
Кей-кей кезде
Атырау теңізінен
Үзіліп шыққан
Долы бір толқын құсап
Өтетінің-ай...
Намыс кеп
Буған кезде —
Нақақтан нақақ
Қолыңа — кісен,
Аяғыңа — бұғау түскендей —
Бұлқынып кететінің-ай.
Білемін:
Саған бүгінде
Бір пәле жабысам дейді,
Сенімен алысам дейді.
Сенемін:
Сен оған да
Бір “бүлік” бастайсың.
Сен оның
Мойынын қайырып,
Жағын,
Аузымен қосып
Айырып тастайсың!..
Фариза - ақын,
Алла тағала
Бойыңа қуат,
Ойыңа шуақ берсін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Лас адам

  • 0
  • 0

Аузының ласын-ай!
Лас сөздерiне үндемей
Көпшiлiктiң шыдасын-ай!
Айнала мүңкiп кеттi.

Толық

Көктемгі көңіл-күй

  • 0
  • 0

Көктем.
Аялдама.
Жалғызбын.
Үміттің

Толық

Өтініш

  • 0
  • 0

Қозғама менi, қарағым!
Менi қозғасаң
Мұз сөгiлiп
Сең қозғалады.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар