Өлең, жыр, ақындар

Психологиялық өлең

  • 29.06.2022
  • 0
  • 0
  • 961
Мен қазір —
Басқаны түгіл! —
Әзімді өзім
Естімейтін
Тосаңдаймын.
Мен қазір —
Сенсеңіз! —
Өзіме өзім
Кіре алмай,
Өзімді өзім
Аша алмаймын.
Әйтеуір
Ішімде отырған
Бір пәле
Өзімді өзіме
Кіргізбейді.
Бұл не сұмдық,
Не күлгізбейді,
Не жүргізбейді.
Тозған шүберектей
Тозған ойларымды
Олай сүйретем,
Былай сүйретем...
Өзіме кірем деп —
Тарс бекітулі! —
Өзімді өзім
Қалай сындырам,
Қалай күйретем.
Айнала қарасам,
Мені ұққысы,
Мені білгісі кеп
Жұрт келіп тұр...
Құдай-ау,
Оларға не деймін,
Бүгінде
Өзім
Өзіммен егесіп —
Бір-біріне! —
Сырт беріп тұр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алатау батырдың шайқасқа түсер алдындағы сәті

  • 0
  • 0

Алатау батыр
Кеше түнде
Түс көріп еді.
Түсінде

Толық

Ашаршылық жылдар суреттері

  • 0
  • 0

Ашаршылық
Алдымен талғап жұтты.
Соңынан
түк қалдырмай

Толық

Маған ендi не дейсiң?!

  • 0
  • 0

Жерге қолымды салсам
Байлық ұстадым.
Көкке қолымды созсам
Айды ұстадым.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар