Өлең, жыр, ақындар

Таудағы ақ шатырлар

  • 06.07.2022
  • 0
  • 0
  • 617
Тау бауыры гүлденген,
Кезі июнь айының,
Жапырақтарға бөленген
Қарағай, арша, қайыңын.
Ертеңменен Талғардың
Шың басынан күн асып
Шыққанын мен аңғардым,
Кірпігінен нұр шашып.
Күнмен көзге шағылып
Тау басында ақша қар,
Мөлдір шыққа малынып
Балбырады бақшалар...
Қаңқылдасып, шуласып,
Сүңгіп суға үйрек, қаз,
Ақ көбелек гүлге асық,
Зулап ұшып болған мәз.
Аспанменен таласқан
Алатаудың қойнында, —
Лагерьге көркі жарасқан
Балалар жүр ойында.
Сол лагерьдің көркіндей
Алмалы жасыл бақша тұр.
Алаң төрін еркіндей
Жағалай қонған ақ шатыр.
Алқаны шатыр кең салып,
Тігіліпті қаз-қатар,
Балалардың демалып,
Мекені бұл жаз жатар.
Балалар жетік сабақта,
Бітіріп оқу маусымын,
Жұтады денсаулыққа
Таза ауасын, тау суын.
Шатырлардың төрінде
Желкілдеген қызыл ту.
Сол бір тудың түрінде
Күндей сөнбес қызу тұр!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыз қалауы

  • 0
  • 0

Тақ қызына ғашық болып сансыз жан,
Тау елінен, Теңіз арғы жағынан
Келді киіп үске жібек асылдан,
Күймелері сары алтынға малынған

Толық

Қырда тұр бір қызық үй

  • 0
  • 0

Қырда тұр бір қызық үй
Күн көзіне шағыла.
Емес ескі киіз үй
Туды ол нейлон жамыла.

Толық

Жеткіншек

  • 0
  • 0

Шілдені түре келген соң
Қоңыр салқын күз лебі,
Көрінер көктен әлден соң,
Қайтқан құстың тізбегі...

Толық

Қарап көріңіз