Өлең, жыр, ақындар

Қырда тұр бір қызық үй

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 584
Қырда тұр бір қызық үй
Күн көзіне шағыла.
Емес ескі киіз үй
Туды ол нейлон жамыла.
Түнгі аппақ ай түсті,
Нейлонды әсем шаңырақ,
Кереге де нақысты
Оюлар тұр сән құрап.
Қошқар мүйіз көрікті –
Кестесіне ел айғақпын,
Салған әуес көріп тым
Мүйізін де сайғақтың...
Бәлкім, содан шыққан-ды,
Бір тармағы суреттің,
Ойым соны құптады,
Оны айтпақшы мін деп кім?!
Жайлауға құт құйыпты
Жаңалық та, сұлулық,
Терезені, уықты
Синтетика сұлу қып.
Бұрын желден қалтырап
Құрым үйлер желпілдеп
Тұрса, – түйеге артып ап
Көшуші едік күн-түндеп...
Қалды ол ағаш кереге,
Химиялы үй тудырдық.
Қалды киіз дөдеге,
Қалды құрым туырлық.
Бүркіт көкте нүктедей
Ұшса кезіп қыр-қия,
Құла түзге бөктерлей
Келді үй тігіп химия.
Елге қонып құт жаңа,
Асты асуға жұртымыз,
Жасалуда шыт-жаңа
Химиядан мүлкіміз.
Өрінде ылғи өмірдің
Өрге аса күш тасып,
Өнері есті елімнің
Космоспен де ұштасып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазақстан

  • 0
  • 0

Бір кездерде...
Түнек басқан Қазақстан,
Бұл күндерде ол ойнаған дауыстан!
Жаңарып жер,

Толық

Көк арша

  • 0
  • 0

Таныс бізге көк арша
күнге еркелеп, тауда өскен.
Тау самалын оңаша
Жұтып, сұлу таңда өскен.

Толық

Аспаны да аласа

  • 0
  • 0

Құмның, көрсең сен мұнда
Аспаны да аласа,
Шақ құламай күн құмға
Тұрғандай-ақ қарасаң.

Толық

Қарап көріңіз