Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 365
Бір кездерде...
Түнек басқан Қазақстан,
Бұл күндерде ол ойнаған дауыстан!
Жаңарып жер,
Оянып ел, Таңда
— Октябрь Еңбегін көр,
Қазақстанды алыстан ел танысқан!
Ел де жаңа, жер де жаңа, Қазақстан.
Онға толған, таппен таймай алысқан.
Тойлап тойын,
Еңбек дуын,
Қызыл буын,
Қызыл туын
Ордалы еңбек сарайына шанысқан.
Өндірісің жер жаңғыртқан, жан-жақтан
Лақылдатып Ембі — нефті майды атқан!
Екпіндете ұлы еңбекті
Жер мен көкті
Дүрілдетті,
Еңбекке тұр
Мың білекті,
Қарсақпайың жез қорытып, қайнатқан!
Қап-қараңғы шахталардан шаң қылып,
Шыңырауда көкше тасты шапқылап
— Жатқан ерлер,
Аққан терлер,
Соққан сайын,
Өршеленер,
Ұшпырларын қадақ тасқа уатқылап!
Ұшқыр істеп, көп күш білек ұйысқан,
Ұшпырларын тасқа қайрап ұрысқан.
Ұрса барып,
Талқандалып,
Тастан мысты
Аршып алып,
Салса қазан қызған жез, мыс, мырыштан!
Шығысында шың қармен қартайған,
Ақ сақалды, алтын айдар
Алтайдан, Алтын, күміс,
Қорғасын, мыс,
Қорытқан ер
Күшпен құрыш
Күрілдеген Риддерің жайқалған.
Риддердің шахтасы дүңк-дүңкілдеп,
Қазанда алтын қайнап жатыр бүлкілдеп:
Гудок шіркін,
Дүркін-дүркін
Таңда азынайды
Күймен көркем,
Дүбірінен жер қозғалған зіркілдеп!
Таласқандай көк пен биік турба нақ,
Турбалардан бұйра түтін ырғалады.
Көкке тиіп,
Түтін ұйып,
Толқып толқын,
Бұлтты тіліп...
Айдаһардай мың бүктеледі, толғанады!
Көрем алмас тегершіктер билеуін,
Көрем еңбек күнге құла түргенін.
Жерге тақыр,
Еңбек батыр
— Құрыш қолмен
Салып жатыр
Зәулім завод биік-биік үйлерін!
Өрге өрбіткен өндірістің өресін.
Кен ордасы, жаңа өркендеп келесің.
Алтын аймақ, Алабыңның,
Социалистік Сарайыңның
Қағыңқыра, қақ құрыштай шегесін!!!

1930



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кавказ шыңы

  • 0
  • 0

Кәрі Каспий, Қара теңіз
Толқыны ойнап, көкке буы
Көтерілді, теңізге егіз
Тау қарауыл Кавказ шыңы.

Толық

Білім дариясы

  • 0
  • 0

Советтің сұлу мектебі,
Білімі өрге ерлеген,
Күлгізіп күнді көктегі,
Құлашын шыңға сермеген.

Толық

Жас мұғалім

  • 0
  • 0

Мектеп ашып,
Білім шашып,
Елге жеміс егетін.
Жас мұғалім,

Толық

Қарап көріңіз