Өлең, жыр, ақындар

Кавказ шыңы

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 343
Кәрі Каспий, Қара теңіз
Толқыны ойнап, көкке буы
Көтерілді, теңізге егіз
Тау қарауыл Кавказ шыңы.
Қос теңіздің алқасында
Тау кеудесі көкке мезгеп,
Жалтыр мұзы жартасында
Арарат пен тұрды Қазбек.
Бейне меруерт себілгендей
Тау басына көк жұлдызы;
Биік көкте көрінгендей
Эльбрустың күміс мұзы.
Ақбас таудың аясынан
Асып алтын ай шыға алмай,
Атлас аспан саясынан
Тұрды сол кез күн шыға алмай..
Жартаста ұшып жарғанаттар,
Жорытты аңдар жотадағы,
Шырт ұйқыда шың, құз, шаттар,
Ұшты тек тау жапалағы.
Зеңгір Кавказ биігінен
Саяқатты соғып самал,
Тұрды үркіп мүйізінен
Айға қарап бұғы, марал.
Түн тағысы жортып жүрген
Жолбарыстан аю бұғып,
Я, түлкінің күшігі үрген,
Я, әр жерден қасқыр ұлып...
Арайында атар таңның
Таң желі есіп аңқылдайды,
Анда-санда тау қыранның
Тек дауысы саңқылдайды...
Ұясынан таңды сезіп,
Қарлығаш та қырындайды;
Таң әншісі тұрған төзіп
— Бозторғай да шырылдайды...
Тау дем алып ұйықтап жатты
Мұз көрпеге оранғандай,
Жерде адамзат қимылдапты
Ұйқысынан оянғандай...
Гори қала нақ қасында
Жартасына толқын ұра,
Ақты өзендер алқасында
Лиахва мен сұлу Кура.

1937



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүттен тамған дәм

  • 0
  • 0

Кешегі майдан дауылды
Жылдарда, келіп досқа мен,
Дүрлігіп тұрған айылды
Көрген едім Ошта мен.

Толық

Шаруа күз

  • 0
  • 0

Төбеден күз бұлты төнеді,
Тау басы бұлыңғыр көк тұман...
Таудан мал түсіріп келеді
Өр тұлға жас шопан – от қыран!

Толық

Бар дауыспен

  • 0
  • 0

Құрметті
жолдастарым, ұрпақтарым!
Ақтарып
қатқан көнін

Толық

Қарап көріңіз