Өлең, жыр, ақындар

Көңіл күйі оянғандай

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 463
Бөленген туға бүгін алаң қандай,
Көркіне көңіл күйі оянғандай!
Бір жақтан күздің алтын бояуымен
Сарала ағаш басы боялғандай.
Қарасақ күзде терек қалпын бағып,
Жатқандай бұтақтан жел алтын қағып —
Қаз табан сарғыш тартқан жапырақтар
Желпілдеп түскен жерге жарқыл қағып.
Октябрь мейрамында тамашаны
Көрді жұрт,
көрікті алда болашағы!
Сәулетті жұрт алдында лек-легімен
Сап тізген жастар тобы жарасады.
Сап тізіп шығыпты жас мектептегі,
Өскендей өмір гүлі көктеп, тегі!
Қолына бейбітшілік құсы қонып,—
Ойнаған көкке самғай көк кептері.
Көшені кернеген жұрт көңілденіп,
Әдемі оп шырқалып, би биленіп,
Тас сүйіп тақалары қыздар да жүр
Етегі көйлегінің дөңгеленіп.
Жас жігіт жүрген менің қасымдағы
Қалпағын қолына алып басындағы,
Көңілі тамашаға тұрды толып,
Қызықты көріп күллі осындағы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ертеңгі дабыл

  • 0
  • 0

Таң ағарып қалғанда,
Күн шықты әне, күн шықты!
Шатыр толған алаңда,
Сызылып бір үн шықты.

Толық

Мен Октябрь ұлымын

  • 0
  • 0

Қараңғы ащы тұрмыстан,
Қиындық көріп ығысқан,
Құл боп, күң боп жалынып,
Бай табына туыстан.

Толық

Партия, жырым өзіңе

  • 0
  • 0

Әсте бір, жоқ па сүйген асыл жарың,
Тегінде аз жырлайсың ғашық жайын, —
Десе дос, амалым не, мойынға алам,
Алайда, өлеңімнің асылдарын

Толық

Қарап көріңіз