Өлең, жыр, ақындар

Ертеңгі дабыл

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 620
Таң ағарып қалғанда,
Күн шықты әне, күн шықты!
Шатыр толған алаңда,
Сызылып бір үн шықты.
Бір бала жүзі тым ыстық:
— Тұр, достарым! — дегендей.
Мойнында қызыл галстук,
Қолында әсем жез керней.
Жез кернейден сайраған,
Қақты ол таңғы дабылды.
Әр шатырдан жалма-жан,
Балалар шығып ағылды.
Әрбір лектің ұланы,
Тұрды өзінің сабына.
Таңғы таза ауаны,
Қалғандай-ақ сағына.
Әне, олар ғажайып
Алуан түрлі қимылды
Жасап, жарқын бой жазып,
Қарлығаштай үйірілді.
Мойнында қызыл галстук,
Жүр көздері күлімдей,
Бірінен тіпті бірі ыстық,
Жаздың раушан гүліндей!
Ұйқысын ашып, серігіп,
Жуынып мөлдір бұлаққа.
Өрімталдай өріліп,
Кетті ертеңгі тамаққа.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Долорес

  • 0
  • 0

Нар кескен өткір қылыштай.
Жауға қарсы ту ұстай,
Шыққан жалын Долорес!
Жалын шашқан жорықтан,

Толық

Кавказ шыңы

  • 0
  • 0

Кәрі Каспий, Қара теңіз
Толқыны ойнап, көкке буы
Көтерілді, теңізге егіз
Тау қарауыл Кавказ шыңы.

Толық

Қусақ өзенінде

  • 0
  • 0

Қусақтың өзені ел өрісіндей,—
Далаға шашқан таудың күмісіндей,
Тентегі Текелінің тасығанда
Құлынның үзіліпті желісіндей...

Толық

Қарап көріңіз