Өлең, жыр, ақындар

Қусақ өзенінде

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 356
Қусақтың өзені ел өрісіндей,—
Далаға шашқан таудың күмісіндей,
Тентегі Текелінің тасығанда
Құлынның үзіліпті желісіндей...
Қалыпты тау арқасы арса-арса боп
Түлкінің сойған іреп терісіндей.
Сол қусақ жатыр міне күліп ағып
Ақжарқын ауылға ақын келісіндей!
Келдік біз елдің осы көркін жырлай,
Алыстан жеткен ұшып көгершіндей.
Анадай ақ жаулықты қарсы алды ауыл,
Кең жайып дала төсін бүлісіндей.
Ақша қар жамылған шың-құздарыңыз
Жеңгенің ақ кимешек киісіндей.
Қусақтың суы сылдыр қағып ақты,
Іленің шолпы таққан сіңлісіндей.
Қой қаптап көк жайлаудың қойнауында
Шопандар шат көңілді жүр ішінде,
Қаламын қолына алып ақын тұрды,—
Сақалды қарт малшының інісіндей.

1959



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ленин туралы жыр

  • 0
  • 0

«Аврора» сонау бір кез...
Неваның,
Сарайына патшаның
оқ атқаның,

Толық

Темір керуен

  • 0
  • 0

Шексіз дала төскейін,
Шеңберлеген қол батыр, —
Құлашын тартқан қос шойын,
Жарқырап жонда жол жатыр.

Толық

Еңбек сүйгіш жеңешем

  • 0
  • 0

Білегін әппақ түрініп,
Үй жұмысын істеген,
Тап-таза боп үрініп,
Үстіне шаң түспеген.

Толық

Қарап көріңіз