Өлең, жыр, ақындар

Тоңған ай

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 432
Қысқы түнде жалтырап
Тоңғандай бейне қалтырап...
Жымия қарап аспанда ай —
Жігітін қыз тосқандай
Тұр алыста оңаша...
Сарғая күткен сұлудай,
Сүйемін сені, сұлу ай!
Бұлт жауып көк көрпесін,
Әлдилеп аспан еркесін
Жылытса не етер, балаша?..
Ай — оңаша аспанда
Тұр, ғашығын тосқан ба?..
Суық аспан жылытпас,
Ең болмаса,— қонып қаш,
Дегім келді, кеудеме!
Ұясынан кеудемнің
Жалынымен өлеңнің —
Жылынып бәлкім,— жарық ай,
Құшаққа кірген жарымдай
Балқытарсың мені де...

1955



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қара теңіз

  • 0
  • 0

Қара теңіз көсіліп
Жатса, көлбеп алдында,
Төбеңнен тік тесіліп
Қарайды екен тау мұнда.

Толық

Пушкінді көргенде

  • 0
  • 0

Сұрғылт түс, суық жүзді Петербурдың,
Бұрынғы патша үкімі тұрған жердің,
Гүл бақша еккен патша селосында,
Ақынның тастан құйған кейпін көрдім.

Толық

Сөз зергер

  • 0
  • 0

Өлеңнің биік көгінде,
Шалқая бейне туған ай, –
Кең даламның төрінде,
Жаны ақын туды Абай.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар