Өлең, жыр, ақындар

Қара теңіз

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 487
Қара теңіз көсіліп
Жатса, көлбеп алдында,
Төбеңнен тік тесіліп
Қарайды екен тау мұнда.
Таудың биік оқ шыңы
Бұлт қанатын игендей,
Екі иыққа топшылы
Қара бурка кигендей! –
Қарайды кеп түксиіп,
Қабақ түйе биіктен,
Суға, тауға тіксініп
Отырмын көз тігіп мен.
Бесігіне көк теңіз
Толқындарын бөлеген,
Теңізді жыр етсеңіз,
Мұның өзі көп өлең.
Бірде түптеп дем алып,
Соғып теңіз бүйірін,
Бірде тоқсан толғанып
Қуып толқын үйірін, –
Қаптайды көк жойқыны
Маған қарай аққандай
Бүкіл теңіз толқыны
Көшіп келе жатқандай!..
Туғам мен де толқыннан,
Көшсең, көшіп кел, толқын!
Жүрегіме бұлқынған
Өлең болып ен, толқын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қақса бұлбұл таңдайын

  • 0
  • 0

Дала шешіп ақ тонын
Тау бүйірі бу атып,
Бұлақ толқын атқанын
Көрсең шыңнан құлатып, –

Толық

Нарын көріністерін есіңе алсаң

  • 0
  • 0

Топырағын туған жеріңнің
Көрмей көп жыл, сен бір күн
Есіңе алсаң: өзіңнің
Елестеп дос,

Толық

Кавказ қақпасы

  • 0
  • 0

Бейне аспанда бір сағым
Асқар тауы Абхаздың,
Ашты маған құшағын
Тас қақпасы Кавказдың.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар