Өлең, жыр, ақындар

Кавказ қақпасы

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 430
Бейне аспанда бір сағым
Асқар тауы Абхаздың,
Ашты маған құшағын
Тас қақпасы Кавказдың.
Есігі үңгір тас екен
Бұрылмастай ат басы,
Дейтұғын нақ осы екен
Кәрі Кавказ қақпасы.
Бұл қақпадан өткен-ді
Бұғып талай қос ғашық,
Көрдім тасты өткелді,
Жауға жабық, досқа ашық.
Осы үңгірден басталды.
Кер тағы тас Кавказың,
Жамбастап жар тастарды
Шыңы бұлттан тапты өзін.
Екі жағы тар жолдың
Қаланған шың жар тастан,
Ұшар басы таулардың
Көктен барып айқасқан.
Сүйеді шың басын күн
Төсін ақ бұлт айқалап,
Жүгін талай ғасырдың
Тау тұр бейне арқалап...
Бәлкім, өлең жазған-ды
Жүріп мұнда Лермонтов,
Мені де тау қозғады, –
Жүректен жыр тербелтіп.
Осы шыңда өстің-ау,
Шіркін, сері грузин!
Астың – теңіз, үстің – тау,
Өмірің бір жыр өзен!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұнай

  • 0
  • 0

Каспийдің күміс көбік толқынындай,
Бұрқанып жердің астын керней тулай,
Арналы алып Эмба шыңырауынан
Бұрқырап көкке шапшып шыққан мұнай.

Толық

Қырда тұр бір қызық үй

  • 0
  • 0

Қырда тұр бір қызық үй
Күн көзіне шағыла.
Емес ескі киіз үй
Туды ол нейлон жамыла.

Толық

Жылы ұямыз

  • 0
  • 0

КАЗПИ бір өзіміздің жылы ұямыз,
Төбесін көрсек сырттан жылынамыз.
Төрінен ұшырған сан өлең құсын,
Келмесек сағынамыз жылына біз.

Толық

Қарап көріңіз