Өлең, жыр, ақындар

Ленин

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 279
(Алексей Сурковтан)

Көк арша бұтағында қырау қатқан,
Аяздан көгеріп қар тоңып жатқан.
Бұл жерде, жылы сөзді, жарқын көзді
Төрінде зәулім қала нұрға батқан
Гранит Мавзолейді ел орнатқан.
Сап-салқын гранит тас саясында,
Бас иіп адамзаттың баласына,—
Нарт қызыл шапақ атқан таң арайлы
Гранит ер тағдырға қарасын ба,
Сақтап тұр өшпес жанды аясында.
Москва трамвайы тынды жайлап,
Түн ауа соғып курант жатты сайрап,
Ай жүзін жіберді бір жарқыратып
Үстінде Мавзолейдің толқи шалқып.
Қызыл ту ерлік жырдай тұрды жайнап
Забойда, я, севірлік мұзда болсаң,
Тұрса да долы соғыс ажал қоршап,
Ұшсақ та көк аспанның биігіне,
Қайғырсақ, яки жеңсек, я қуансақ,—
Тұрамыз әрқашан да Ленинді аңсап.
Күллісі қасиеттің бір өзінде,
Қолында тағдыр, Мұхит өзінің де,
Қолында оның ұшан қиыр дала,
Өлместей, оның туған кезеңі де
Әкелді орыс жерін өзі өмірге.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақманай

  • 0
  • 0

Ай астында айнадай
Айдын көлің Ақманай,
Толқыныңа ай қарай, —
Аймалап таң атты арай.

Толық

Бір досыма

  • 0
  • 0

Бір досым, маған кейде:
«Шайыр болып,
Майданға барып едің Тайыр болып», –
Дейді де, әзілімен қағытады, –

Толық

Костер жыры

  • 0
  • 0

Әңгіме ғып жазғанда
Лаулап жанған костёрді,
Алайық еске аз ғана
Балалық қызық дәстүрді.

Толық

Қарап көріңіз