Өлең, жыр, ақындар

Қырғыз — менің өз елім

  • 09.07.2022
  • 0
  • 0
  • 445
Туыстармен сәлемдесіп, қол ала, —
Көрейін деп келдім бірер қонаға.
Мейман емен, Қырғыз — менің өз елім,
Өз еліне — кісі мейман бола ма?
Ақын қырғыз жырласа да әр сөзін
Ырғақтары секілді бір өз үнім!
Домбыраның шанағындай күй толы
Қырғыз үйі — бейне менің өз үйім.
Тауларының жанар тіксем жүзіне,—
Біздің таудың деп қалам нақ өзі ме?
Күлімдеген қыздарының көзі де
Ұқсап-ақ тұр біздің қыздар көзіне...
Сыңғыраған сұлу күйдей ырғалып,
Көңіліме достық ойлар оралып,—
Туысқандық үн тоғыссын деп келдім,
Алматыдан Фрунзеге жыр алып.

1955



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сусын берді

  • 0
  • 0

Көп жылдар көрмей жүріп, келдім елге,
Әлде не ойға оралып, аң-таң қалдым,
Тізгінін бұрып аттың жақын бардым
Бір кезде мені жылан шаққан жерге.

Толық

Жұлдызды керуен

  • 0
  • 0

Көк керуені қараша-қаз тырналар
Күз келгенде көктен беріп бір хабар,
Қиқу сала, керней тартса алыстан
Құлағында сұңқылдаған күй қалар...

Толық

Тезірек көргім келеді

  • 0
  • 0

Бүгінгі бір көз көрген
Нарын құмын жырладым,
Кезіңде ертең өзгерген
Баспас қайта жырға кім.

Толық

Қарап көріңіз