Өлең, жыр, ақындар

Кең залында Кремльдің

  • 09.07.2022
  • 0
  • 0
  • 316
Коммунист партиясы —
деген атты
Ең құрмет тұтып
бастан ел ұнатты!
Ғасырлар шыңдарынан көктей өтіп
Бастады ол —
алға бүкіл адамзатты.
Езілген елді өрлете тың ғасырға,
Шығарып миллиондарды ірі асуға
Халықтар бақытының
шыңы болған
Бесігі —
бұл партия —
Россия!
Партия,—
ылғи алға басқан қадам,
Күні жоқ жеңіске елін бастамаған!
Өсірген әкем де — сол,
анам да — сол!
Еш уақта,
мені, артқа тастамаған.
Тағы да —
кең залында Кремльдің
Бас қосқан —
коммунистер жүрегінің
Сеземін соғуынан коммунизм
Шыңына жолын сызған
Ұлы елімнің!

1956



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ф. Г. ға жауап

  • 0
  • 0

Жоқ, ол черкес қызы емес,
Грузия қырынан
Ондай қыз туған емесеш;
Мұңды Казбек шыңынан.

Толық

Білім дариясы

  • 0
  • 0

Советтің сұлу мектебі,
Білімі өрге ерлеген,
Күлгізіп күнді көктегі,
Құлашын шыңға сермеген.

Толық

Құмдағы лашық

  • 0
  • 0

Құмдағы атамзаманғы
Саздан соққан бір лашық
Тозған, іші қараңғы,
Қабырғасын құм басып.

Толық

Қарап көріңіз