Өлең, жыр, ақындар

Алтын қанат

  • 09.07.2022
  • 0
  • 0
  • 391
Алтын қанат тағы жазым
Келді, ауасы кеуде керней,
Көрдім ұшқан үйрек, қазын
Туған елдің үстін ерлей.
Тізіліп көк керуені —
Қиқу салып құстар қайтып,
Қандай қызық көрінгені?
Көктем бір шат шеру тартып...
Жылы жаққа, күз қоштаса
Сол керуен ұшқаны есте,
Келді жазда көз тастаса
Жерге егіннен түскен кесте.
Былтыр құс кеп қандай құшты,
Еркін Есіл өзеніне.
Биыл неге қонбай ұшты
Әлде, өзге өзен көздеді ме?..
Онан да әрі құстар асты,
Қанаттарын жұртқа бұлғай,
Тракторлар мөрін басты,—
Тыңға шықсын деп ақ бидай!
Құша берсін сүйген көлін,
Ұша берсін құстар самғап,
Елім тыңнан тілген жерін,
Інжу дәнге жыртқан сайлап.
Ойды, қырды гүлге бөлеп,
Майдың айы келді жарқын,
Басқа айлардан көңілдірек,
Майды тойлап жүр ер халқым!
Май туып, жер гүлін ашқан —
Жаздың сұлу сәулетіндей.
Күн күркіреп, ашылды аспан
Шаттық мейрам салютіндей!
Жеңіске еңбек ұласқанда
Қойды туын халқым қадап,
Майдың жарқын күні астында
Ұшты құстар алтын қанат!

1956



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тұтқын

  • 0
  • 0

Ашшы менің түнімді
Берші жарық күнімді,
Қара жал жүйрік атпенен,
Қара көз бұраң сұлуды!

Толық

Кейбір інілер

  • 0
  • 0

Бізде әсем інілер бар
Шынығып өсіп, піскен,
Кейінің міні де бар
Сырттан құр кесіп,

Толық

Жеңіс жылы

  • 0
  • 0

Ақшалап жерді аппақ қар,
Жазық дала,
биік жар
Үстіне күміс кигендей.

Толық

Қарап көріңіз