Өлең, жыр, ақындар

Май сәулеті

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 359
Тамаша, сүйем көркін осы майдың!
Өзі бір жырдай сұлу асылы айдын.
Аспаннан аңсап ұшқан аққу, қазды
Тұр мөлдір көк толқынды тосып айдын.
Шағылып күнге Алатау күміс қары,
Бусанып, кеңіп жердің тыныстары,
Бүгінгі майдың таңғы шапағындай,—
Ел тойлап, қолға қызыл ту ұстады.
Сыйғандай жанарына жердің беті,
Сол туда ұлы Ленин тұр келбеті,
Жүрегі тірі Ленин жүрегімен,
Бір соғып, дана ұрпағы — жүр перзенті.
Кәрі ана көтеріп жас немересін,
Майдағы толқынына ел неге ермесін?
Көрсетіп жүр сәбиге ел шаттығын
Кернеген көк жиектің кенересін.
Тойдан кеш пионерлер қалатындай,
Асығып, соққан өмір сағатындай,
Гүл ұстап сап-сабымен өтіп жатты,
Құлашын сермеп құстың қанатындай!
Түскендей бір ой кенет сәл есіне,
Үш жасар бала сонда әкесіне:
— Не деген көп бала бұл? Айтшы,— деді,
Барлығы кім баласы білесің бе?
Сүйсініп сұрағына ана дағы,—
Жауапты ойлануға қарамады,
— Білемін, балапаным! Гүлдей өскен
Бәрі де,— деді,— Ленин балалары!

1957



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлбұл мен бұлақ

  • 0
  • 0

Таң атып, нұрлары
Сүйгенде қырларды,
Бұлақты, гүлдерді,
Қалғыған орманды.

Толық

Сәлем, саған, Москва

  • 0
  • 0

Жер серігі секілді
Көтерілген космосқа,
Келдім жырмен серпінді
Ұсап ұшқан мен құсқа,

Толық

Шаңқай

  • 0
  • 0

Мұздай қару құрсанған,
Полктан полк бусанған,
Танкі артынан көп танкі:
Жаудырғалы оқ танкі

Толық

Қарап көріңіз