Өлең, жыр, ақындар

Шаңқай

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 236
(Владимир Луговскойдан, еркінше)

Мұздай қару құрсанған,
Полктан полк бусанған,
Танкі артынан көп танкі:
Жаудырғалы оқ танкі
Алға беттеп құлшынған.
Батарейден батарей,
Құтырынып ентелей,
Ағызғандай қан судан!
Қан құмарлар қан тілеп...
Жау құмарлар аттанған
Ат ойнатып Шаңқайға!
Оқ атып Шапей қаласын,
Өртеп қатын, баласын,
Лапылдап жалын жанғанда!
Өртпенен бірге бұрқанып,
Жұмыскерлер құрсанып,
Қасық қаны қалғанша
Кеудесінен от жанып,
Найзамен алға ұмтылды.
Шаңқайдан шапқан айғайға!
Шымырқанта оқ бұрқантқан
Снарядтан снаряд!
Күркіреп мотор көк жыртқан
Самолеттен самолет!
— Жалын шашпа арқырап!
Жалмауыздар, жалғыз да
Қадам баспа бер қарап!
Өлмей бір жер бермейміз,
— Дұшпанға жалғыз жапырақ!
Я, өлу бізге,—
Я, Шаңқай!
Сізге жетті енді кез;
Жалтармай жауап жазуға
Болаттан берік күшті серт
Қып-қызыл қан ағызуға!
Сізге жетті енді көз:
Шүйілтер қару ең күшті,
Суарған қанға, темір оқ
Аттануға кірісті!
— Атаңа нәлет,
Шаңқайшы!
Сатылған жауға итаршы!
— Тарт қолыңды, қан қойшы!
Шымырқанта оқ бұрқантқан
Снарядтан снаряд!
Күркіреп мотор көк жыртқан
Снарядтан снаряд!
— Жалын шашпа арқырап,
Жалмауыздар, жалғыз да
Қадам баспа бер қарап!
Өлмей бір жер бермейміз
Дұшпанға жалғыз жапырақ!
Я, елу бізге,
Я, Шаңқай!
Қатын, бала оққа ұшып,
Қорқырап өліп қан құшып...
Көшеде Шапей қаласы.
Сұлады... әлді... Білемін:
— Ескер!
Шапей өлмейді Құрыштай
Қызыл жүрегің!
Сатылғандар сенен бүгін
Аттаса егер: Шаңқай!
Жапондардың дивизиясы
Таптаса егер: Шаңқай!
Қан сіміріп жиһангерлер:
Қаптаса егер
Шаңқай!
Көкте ойнаған найзағайдай күн ертең
Күнбатыста қаптар сенің Қарулы ұлың —
Шаңқай!
Дұшпан үшін уланған
Жейтін ас пен ішер су...
Дұшпан үшін уланған
Жұтар ауа, жатар үй!
Дұшпан үшін уланған
Атар таң мен шығар күн...
Дұшпан үшін уланған
Таң түгіл айсыз қара түн.
Қытай халқы қаптаған
Аяқ бас бірге миллионмен!
Қытай халқы қаптаған
Алға бас, майдан жолымен!
Қытай халқы қаптаған
Сабақ ал, күшті миллионнан!
Қытай халқы бірге атта!
Қызыл корпусты ерменен!
— Тыңда, жұмысшы әлемі!
Құрыш қол, болат тасқын күш!
Ат қойған қират танкіні,
Еліне қарай күншығыс!
— Тыңда, жұмысшы әлемі!
Майданның жалынды ұранын!
Батыр, Мұхит теңізге
Тиелген соғыс құралын!
Қират, сындыр қирасын
Қан көксеген ел аты,
Шығысқа ұшқан қиылсын
Аэроплан қанаты!
Көк солқылдат!
Жер жаңғырт!
— Шап, атаққа...
Шап! Шап! Шап!
Шаңқайдың қызыл жүрегі
Жаса Мәңгі Соқ! Соқ! Соқ!
Шымырқанта оқ бұрқантқан!
Снарядтан снаряд
Күркірер мотор көк жыртқан
Самолеттен самолет!
— Жалын шашпа арқырап,
Жалмауыздар, жалғыз да,
Қадам баспа бер қарап,
Өлмей бір жер бермейміз,
Дұшпанға жалғыз жапырақ!
Я, өлу бізге,
Я, Шаңқай!

1930
1931-1935



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалам шеберіне

  • 0
  • 0

Қолына бүркіт ұстап, Шыңғыс тауын
Шолып бір, түлкі аунарда тұңғыш қарын
Абайдың тұрған кезін көзбен көріп,
Ұшырдың, Мұқа, шыңға жыр құстарын...

Толық

Өздеріңнің көздеріңнен

  • 0
  • 0

Баламын әлі ерке мен елімде,
Келді деп кім айтады мені елуге?
Балдырған балалар-ау, ортаңызда
Мен тұрмын өздеріңмен теңелуге!

Толық

Қыз кеткен

  • 0
  • 0

Амудария бойында
Мың ба, бұрын,— жүз кетпен
Жер қазып, су бұрғанда.
Өзенге бір қыз кеткен.

Толық

Қарап көріңіз