Өлең, жыр, ақындар

Өздеріңнің көздеріңнен

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 227
Баламын әлі ерке мен елімде,
Келді деп кім айтады мені елуге?
Балдырған балалар-ау, ортаңызда
Мен тұрмын өздеріңмен теңелуге!
Қызығам пионерлер ойыныңа,
Құйғандай жастық лебін қойыныма
Құрметтеп, шоқтай жанған, қызыл шаршы
Тақтыңдар галстукты мойыныма.
Біргемін өрендерім, өздеріңмен,
Аулақпын қартаюдан, өзгеруден,
Өзімнің бір кездегі жастығымды
Көремін өздеріңнің көздеріңнен.
Қашанда мен сендерге сүйенермін,
Қартаймас жастық шаққа сүйінермін,
Мені, — әлі «егде тартты» демеңіздер,
Шар тартқан жоқпын өзім пионермін,
Қызығы жастық шақтың таныс тіпті,
Жүректен тартам елге бар ыстықты!
Жыр сайрап ортаңызда жасай берем,
Мойныма тағып қызыл галстукты!

1958



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзіңе ұқсас

  • 0
  • 0

Жас қайыңның тізілген
Бүршік атып өзегі
Секілді жас қыз киген
Шыт көйлектің безегі.

Толық

Қылмысты

  • 0
  • 0

«Айтшы, атаман, шыныңды,
Қалай өстің еліңде?
Суымады бұрынғы
Жастық оты өңіңде?

Толық

Бір досыма

  • 0
  • 0

Бір досым, маған кейде:
«Шайыр болып,
Майданға барып едің Тайыр болып», –
Дейді де, әзілімен қағытады, –

Толық

Қарап көріңіз