Өлең, жыр, ақындар

Қалам шеберіне

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 379
Қолына бүркіт ұстап, Шыңғыс тауын
Шолып бір, түлкі аунарда тұңғыш қарын
Абайдың тұрған кезін көзбен көріп,
Ұшырдың, Мұқа, шыңға жыр құстарын...
Арқау ғып, берген жырды Абай сыйлап,
Төгілтіп ой кестесін талай шумақ,
Туғызған біздің өмір өзіңіздің
Тұлғаңыз бір өлеңге қалай сыймақ?!
Дәл бояп жаз сипатын, күз келбетін,
Суреттеп жігіт сырын, қыз келбетін,
Үңіліп жанның терең жүрегіне
Түсіре білдіңіз ел Сіз келбетін...
Шыққанын бүркітшінің қансонарда,
Самғаған жын ойын аңсап алға,
Халқыңның күйінішін, сүйінішін
Суреттей алмасаң, ел қарсы алар ма?!
Бейнесін балғын тілмен бағы заман
Бердіңіз сұлуырақ аңыздардан.
Қаламның Сіз ұстаған іздеріне,
Сүйсіне білді бүгін нағыз адам.
Ер жетіп, етті елдің бала кезі,
Өмірдің дастарқанын жаяды өзі!
Күтіп тұр, Сіз салсын деп өз суретін
Жаңарған жалт-жұлт қарап дала көзі.

1957



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Еліктей ме ақынға

  • 0
  • 0

Еліктей ме ақынға,
Еркелейді толқын көк,
Толқыннан қалар ақын ба,
Ақын да кетті толқын боп...

Толық

Мен барғанда

  • 0
  • 0

Мен барғанда ауылға
Жасыл тоғай, құмдарда
Жауын да жоқ, дауыл да,
Жап-жайдары тұрды Орда.

Толық

Өздеріңнің көздеріңнен

  • 0
  • 0

Баламын әлі ерке мен елімде,
Келді деп кім айтады мені елуге?
Балдырған балалар-ау, ортаңызда
Мен тұрмын өздеріңмен теңелуге!

Толық

Қарап көріңіз