Өлең, жыр, ақындар

Грузия

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 400
Жақсы елі — Грузия Колхиданың,
Кім сүймес қарлы тауын, көркем бауын
Бұлт таласқан Қазбек биігіндей,
Көріп тұр оның сұлу халқым бағын!
Толқынды көркем Кура, Арагва,
Бойына таңның нұры тарады да,—
Басына Эльбрустың туын тіктің,
Сүйіндім бақытыңа қарадым да!
Жұлдызы таңымыздың Кремльден
Жарқырап еліңізге күле кірген.
Сені де, Отандағы бүкіл елді
Сол жұлдыз құтқарды азап түнегінен.
Шұғыла түсісімен Кремльден
Менің де құлпырып гүл тұр елімнен,
Қабыл ал сәлемімді жырмен жазған,—
Мәңгі дос қазақ елі жүрегінен.

1957



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гүлге

  • 0
  • 0

Әдемісің бұлбұлдай, қызыл гүлім,
Қонайын деп мен саған келдім бүгін.
Жүрегімді толқытқан сенің өзің,
Сәуле шашқан сен үшін нұрлы күнім.

Толық

Өмір сөйлейді

  • 0
  • 0

Қоздатпас жырды қалай еңбек ері,
Өрге өршіп, өндірістің ерлегені!
Айналып айдай алмас тегеріштер
Күркіреп күндей мотор дөңгелеуі.

Толық

Май сәулеті

  • 0
  • 0

Тамаша, сүйем көркін осы майдың!
Өзі бір жырдай сұлу асылы айдын.
Аспаннан аңсап ұшқан аққу, қазды
Тұр мөлдір көк толқынды тосып айдын.

Толық

Қарап көріңіз