Өлең, жыр, ақындар

Құм қызының жүзімі

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 340
Қымтай тастап қаланы
Құмның жалпақ табаны,
Ордадан сәл жоғары
Тұрды жүзім алаңы.
Жүзім бағын осындай
Копетдағы төсінде
Көргем, бармақ басындай
Миуасы бал есімде...
Таңырқатқан көргенді
Бағы еді ол ферюза,
Құмнан көріп соны енді,
Болды жаным риза.
Жасыл жүзім үлбіреп,
Көк маржандай тізіліп,
Қыз көзіндей мөлдіреп,
Көрінді, кеттім қызығып.
Сол жап-жасыл жүзімді
Жинап жатты қыз тобы,
Көзіме сонда сезілді
Жүзім көз бүкіл қыз толы.
Осы қыздар көзінің
Бояуындай көк мөлдір,
Сүйді ерінім жүзімін,
Секілді өзін өпкен бір.

1957



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызғалдақтай пионер

  • 0
  • 0

Қызғалдақтай құлпырып,
Жас пионер балдырған,
Жаз болды деп қуанып,
Жанарын нарттай жандырған.

Толық

Қарт қорған

  • 0
  • 0

Гаграның біп-биік
Көрдің бе ескі қорғанын,
Жарына сан оқ тиіп
Шежіре боп тұрғанын?..

Толық

Темір жол

  • 0
  • 0

Жол салып, ән қосқандар,
Күрегі қолда жарқырап,
Төселді ауыр шпалдар
Үйілді қойтас, топырақ.

Толық

Қарап көріңіз