Өлең, жыр, ақындар

Нарын түні

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 527
Сары иық Нарын құмының
Күзгі түні тартты ызғар,
Жарығы ай нұрының
Жерден ине тапқызар.
Киігі желдеп түнде өрген,
Құмы жалпақ осы алап,
Қояны шошып жүгірген,
Жұлдызша ағып қосаяқ.
Одан басқа дыбыстап
Жел сәл үрген жапырақ,
Зіл ұйқыда тыныстап
Жатты нартау топырақ.
Жұлдыз оты төгіле
Құм бойына тез тарап,—
Жүзді түнгі көгінде
Ай — дөңгелек жез табақ.

1957



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нейлон көйлек

  • 0
  • 0

О, туған жер!
Өзіңмен
Өткен жылың сырласың
Өрекпіген сезіммен

Толық

Жданов туралы жыр

  • 0
  • 0

Күннің көзі қызарып,
Тамшы жасын іркіп бұлт,
Сұрғылт тартып сазарып,
Тына қалды неге жұрт?

Толық

Қысқы ымыртта

  • 0
  • 0

Мұхитына көкжиек
Қызыл қанат күн батып,
Оранғандай ақ жібек.
Мұз құрсанды қыр қатып,—

Толық

Қарап көріңіз